Елордалық «Jas Otan» төрағасы: Белсене жұмыс істеп, үздік нәтиже көрсетуіміз керек
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық «Jas Otan» төрағасы: Белсене жұмыс істеп, үздік нәтиже көрсетуіміз керек](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211552945917236.webp)
«Jas Otan» Жастар қанаты Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Бақдаулет Жанділдаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына пікір білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда жаңа заман талаптарына сәйкес экономикалық даму, өнеркәсіп әлеуетін күшейту, ауыл шаруашылығы саласын, көлік-логистика кешенін, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын, өңірлік даму және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын арттыру секілді бірқатар бастама көтерді және алдағы уақытта атқару керек жұмыстарды атап өтті», - дейді ол. Сөзін жалғай отырып, «Жас ғалым» жобасының артықшылығын атап өтті. «Жолдауда зияткер ұлт қалыптастыратын 6 қағидатты ұсынды. Ең маңыздысы ХХІ ғасыр ұрпағы терең білімді, сапалы білім алуын қамтамасыз ету керектігін көрсетті. «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді, елдегі індеттің алдын алу мақсатында 80%-ға жуық білім алушылар қашықтықтан оқуға жағдай жасау барлығына бірдей онлайн платформа жасауды тапсырды. Мемлекет басшысы індетпен күресте алдыңғы қатарда қызмет жасаған еріктілерге алғысын білдірді. Біз жастар Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында белсене жұмыс істеп, үздік нәтиже көрсетуіміз керек», - дейді «Jas Otan» Жастар қанаты Нұр-Сұлтан қалалық филиалының Төрағасы.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)