Биыл І жартыжылдықта ҚР ИИДМ 131 565 мемлекеттік қызмет көрсетті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Биыл І жартыжылдықта ҚР ИИДМ 131 565 мемлекеттік қызмет көрсетті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115530229916437.webp)
2020 жылғы 1 қантардан 30 маусымға дейінгі мерзімде Министрліктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері 131 565 қызмет көрсетті, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Есепті кезеңде 5 мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің бұзушылығына жол берілген. Олар бойынша Көлік комитеті және Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті қызметкерлері әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылды. Сонымен қатар индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік, көлік саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қатысты 2 шағым түсті. Министрліктің құзыретіне кіретін 113 мемлекеттік қызметтің 102-сі электрондық форматта "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетіледі. Бұл Министрлік көрсететін мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 90% құрайды. Қалған 11 мемлекеттік қызмет дәстүрлі тәсілмен (қағаз түрінде) көрсетіледі. 2020 жылы олардың 8-ін автоматтандырып, 2-ін Мемлекеттік қызметтер тізілімінен алып тастау жоспарланған. 113 мемлекеттік қызметтің 26-сын жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Сонымен қатар, Министрлік көрсететін 38 мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КАҚ алуға болады. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасына қатысты барлық мәселелер бойынша Министрліктің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйлестіру басқармасына +7(7172)98-33-31 телефон нөмері бойынша немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 2402 іс бөлмеге жүгінуге болады.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)