Елордалық кәсіпкерлер несие бойынша субсидия мен кепілдікті қалай ала алады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық кәсіпкерлер несие бойынша субсидия мен кепілдікті қалай ала алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120664322651885.webp)
Әкімдіктің ресми сайты астаналық кәсіпкерлер несие бойынша субсидия мен кепілдікті қалай ала алатынын хабарлады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Шағын және орта бизнес нысандарына қаржылай қолдау көрсету үшін қалада мемлекеттік және жергілікті бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Бағдарламалар туралы Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы айтып берді. «Бизнестің жол картасы – 2025» кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы аясында салалық шектеуге қарамастан (тек сауда саласынан басқа) келесі қолдау шаралары көрсетіледі: екінші деңгейлі банктер, лизингтік компаниялар берген қаржылық лизинг шарттары, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау; банктік қарыздар бойынша жартылай кепілдік. Сауда субъектілері үшін айналым қаражатын толықтыруға 100 млн теңгеден аспайтын мөлшерде субсидияланған несиелер ғана ұсынылады. Бағдарлама аясында шағын және орта бизнеске несиелер екінші деңгейлі банктерден пайыздық мөлшерлемемен (НБ базалық ставкасы + 5%) 7 млрд теңгеге дейін беріледі. Оның 6 пайызын кәсіпкер төлейді, ал айырмашылықты мемлекет субсидиялайды. Сондай-ақ 1 млрд теңгеден аспайтын несиелер бойынша 85% кепілдік қарастырылған. 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жылына 6% ставкамен 8 мың АЕК-ке дейін несие беру; 85%-ға дейін несиеге кепілдік беру; жаңа бизнес идеяны жүзеге асыру үшін 200 АЕК-ке дейін мемлекеттік грант беру көзделген. Бұған қоса «Астана бизнес-2» несиелендірудің өңірлік бағдарламасы жұмыс жасап жатыр. Оның аясында салалық шектеусіз, бастаушы кәсіпкерлерге 50 миллион теңгеге дейін, ал жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге жылдық 8,5%-бен 100 миллион теңгеге дейін несие беріледі. «Толық ақпарат алу үшін Мәңгілік ел даңғылы 55А мекенжайында орналасқан «Даму» КҚК» АҚ мен Қошқарбаев көшесі 29-дағы «iQala» қалалық қызметтер орталығына жүгінулеріңізді сұраймыз», – делінген инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарламасында.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)