Талғат Теменов карантинде немен айналысқанын айтты (видео)

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Талғат Теменов карантинде немен айналысқанын айтты (видео)
ашық дереккөз

ҚР Халық артисі, профессор, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, режиссер Талғат Теменов Елорда Инфо тілшісіне карантин уақытында немен айналысқаны туралы айтып берді. https://www.youtube.com/watch?v=v97ojNONMc0&feature=youtu.be «Карантиннен өзімізге біраз сабақ алдық. Өмірдің жалған екенін ұғындырды. Бұл өмірге келгеннен кейін кез келген адам жақсылық жасау керек, талмай еңбектену керек. Шығармашылық адамдары да үлкен дүниелер жасауы керек. Мен осы карантин кезінде біраз дүние жаздым. Қазәр де романымды жазу үстіндемін. Мұның бәрі біздің әдебиет үшін, мәдениет үшін, ұрпағымыз үшін қажет. Біз – бақытты елдің ұрпағымыз», – деді Талғат Теменов Елорда Инфо тілшісіне берген сұхбатында. Сонымен қатар ол сұхбат барысында Қаллеки театрының жаңа ғимаратының орналасқан жерін өзі таңдағанын тілге тиек етті. Айта кетсек, Қазақ театрының жаңа ғимараты Нәжімеденов көшесінің бойында орналасқан. Алдағы қазан айында ресми түрде пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.