Экономикалық реформалар халықтың тұрмыс сапасын көтергенде ғана өзін-өзі сақтап, қолдауға ие болады - Президент
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Экономикалық реформалар халықтың тұрмыс сапасын көтергенде ғана өзін-өзі сақтап, қолдауға ие болады - Президент](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115529017618010.webp)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында Үкіметке “Астана” Қаржы орталығының әлеуетін тиімді пайдалануды тапсырды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Елге инвесииция тартып, отандық тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығару Үкімет үшін ерекше маңызға ие болып отыр. “Астана” Халықаралық қаржы орталығының әлеуетін тиімді пайдаланған жөн. Қаржы орталығы тікелей және портфельді инвестиция тартудың негізгі құралына айналуы тиіс. Ішкі жалпы өнімнің абстрактілі өсімімен жұртты қуанта алмаймыз. Халыққа тұрақты жұмыс орындарын ашып, тиімді жол, ауруханалар мен мектептер салып, сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету керек. Экономикалық реформалар халықтың тұрмыс сапасын көтергенде ғана өзін-өзі сақтап, қолдауға ие болады. Осыны әрдайым есте сақтау қажет”, - деді Президент.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)