Бүгіннен бастап қазақ тіліндегі бейнесабақтар «Balapan» телеарнасынан көрсетіледі
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Бүгіннен бастап қазақ тіліндегі бейнесабақтар «Balapan» телеарнасынан көрсетіледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211553231528826.webp)
ашық дереккөз
Еліміздегі карантин талаптарына байланысты 1 қыркүйек, жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасында орта білім беру қашықтан оқыту жүйесінде жалғасады, деп хабарлайды Елорда Инфо.ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірлесе отырып, дүйсенбі-жұма 09:00-18:00 аралығында 1-11-сыныптардың оқу пәндері бойынша бейнесабақтарды қазақ тілінде «Balapan» телеарнасы көрсетеді.«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамындағы «Balapan» телеарнасы «Оtau TV» спутниктік операторы, «Аlma TV» кабельдік операторы, ID TV цифрлық теледидар қызметі арқылы қолжетімді. Сонымен қатар арна balapan.tv ресми сайты мен qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы, «Balapan»-ның YouTube-тегі ресми каналынан да онлайн көрсетіледі. «Android» және «iOS» платформаларына лайықталған мобильді қосымшаны «App Store»,«Play Market» сервистері арқылы тегін жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.
Ұқсас жаңалықтар
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
Бүгін, 12:57
Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
Бүгін, 11:38
Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
Бүгін, 08:32
Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
10 ақпан, 2025
Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді