Конституция бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етіп, жасампаздық пен прогрестің берік кепілі болып келеді- А.Көлгінов
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Конституция бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етіп, жасампаздық пен прогрестің берік кепілі болып келеді- А.Көлгінов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115537219973404.webp)
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордалықтарды Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Құрметті елорда тұрғындары! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Конституция 25 жыл бойы елдегі тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етіп, жасампаздық пен прогрестің берік кепілі болып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Еліміздің Ата заңы уақыт сынынан сүрінбей өтіп, тарихи дамуымыздың жалпыұлттық бағдарын айқындауда басты мәнге ие болып отырғанын дәлелдеді",- деп атап өтті. Конституция қабылданған күннен бастап елімізде тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізіп жатқан маңызды реформалар жасалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның мазмұны уақыт талабына сәйкес жетіліп, жаңартылып отыратынын, оның заңды құбылыс екенін айтты. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)