Бір депутаттық мандатқа 16 адам: «Nur Otan» партиясының елордалық филиалы праймеризге құжаттарды қабылдауды қорытындылады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Бір депутаттық мандатқа 16 адам: «Nur Otan» партиясының елордалық филиалы праймеризге құжаттарды қабылдауды қорытындылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122803620145894.webp)
Елорда филиалы 2020 жылдың 17 тамыз күні басталған партияішілік іріктеуге қатысушылардың құжаттары мен өтініштерін қабылдауды қорытындылады,деп хабарлайды Елорда Инфо.
Елорда филиалы 2020 жылдың 17 тамыз күні басталған партия ішілік іріктеуге қатысушылардың құжаттары мен өтініштерін қабылдауды қорытындылады. Барлығы 443 өтініш келіп түсті, оның ішінде 145 (33%) әйелдерден, 175 өтініш 35 жасқа дейінгі азаматтардан (40%). Сонымен қатар, праймеризге 3 көпбалалы ана қатысады. Ең жас қатысушы 20 жаста, ең үлкені 71 жаста, - деп хабарлайды елордалық партияның баспасөз қызметі.
«Бастауыш партия ұйымдарынан 121 кандидат және өзін-өзі 311 кандидат ұсынды. 199 үміткер қалалық мәслихаттағы орынға жүгінеді. Кәсіби құрамы бойынша: ШОБ өкілдері -91, білім - 44, медицина - 18, ҮЕҰ -35. Мен өз атымнан және елордалық филиал атынан барлық үміткерлерге праймеризде сәттілік тілеймін!»,- деді «Nur Otan» партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов.
![Қаржылық пирамиданың басшысы Астана әуежайынан Түркияға ұшайын деп тұрған жерінен ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935358821443800.webp)
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)