Елордада үш жылда 130 шақырым веложол салынады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада үш жылда 130 шақырым веложол салынады
ашық дереккөз

Биыл Нұр-Сұлтанда 45 шақырым веложол салынса, 3 жыл ішінде 130 шақырым веложол салу жоспарланып отыр. Уақыт өте келе елорданың барлығына дерлік негізгі көшелерінде веложолдар салынады. Бұл елорда тұрғындары мен қонақтары арасында велоспортты дамытуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 13 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында велосипедтерді жалға беру қызметі жұмысын бастайды. Пайдаланушылар үшін 50 велостансаға 200 велосипед қойылады. Маусым айында велосипед саны үш есе көбейтіледі. Елорда тұрғындары мен қала қонақтарына 155 стансада 700 велосипед қолжетімді болады. Бұл қала тұрғындары үшін автомобильдер мен қоғамдық көлікке балама болады. Велосипедтерді жүйеде тіркеу рәсімін өткеннен кейін ғана жалға алуға болады. Ол үшін www.velobike.kz сайтына кіру қажет. Жүйеде 16 жастан асқан адамдар тіркеле алады. Абонементтерді 13 мамырдан бастап City Transportation Systems кассаларынан сатып алуға болады. Велосипедті жалға беру жүйесі 24/7 режимінде жұмыс істейді.