Танымал вайнер, актер Мейіржан Төребаев праймеризге қатысуға өтініш берді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Танымал вайнер, актер Мейіржан Төребаев праймеризге қатысуға өтініш берді
ашық дереккөз

«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысуға өтініш берген 10 мыңнан аса қазақстандықтың арасында танымал актер Мейіржан Төребаев та бар, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. «Алғашқы қадам жасай отырып, праймеризге тіркелдім. Алдағы уақытта елімізді әлеуметтік жағынан ғана емес, мәдени жағынан да дамытуға өз үлесімді қосқым келеді. Баршаңызға сәттілік пен жетістіктер тілей отырып, партияішілік сайлау жақсы өтіп, ойлаған армандарыңызға жете беріңіздер дегім келеді», – деді Мейіржан Төребаев. https://www.instagram.com/p/CEa1E4hgRpc/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=loading