Карантин кезінде автобустың төлем картасын қалай іске қосуға болады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Карантин кезінде автобустың төлем картасын қалай іске қосуға болады
ашық дереккөз

CTS компаниясы карантин кезінде автобус карталарындағы төлемді іске қосып үлгермеген астаналықтарға ақпарат берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Картаға аударып үлгермеген төлемдерді бір тізіммен қайта аударамыз. 5 күн ішінде ол картаңызға түседі. Бұл төлемді 15 күннің ішінде «жандандыру» керек. Оны іске қосу тәсілдері: автобус ішіндегі валидатор; RTVM-автоматтар; кассалар. Төлемді «жандандыру» үшін валидаторға немесе RTVM-автоматқа картаны қойып, 5-7 секунд ұстап тұру қажет. Іске қосылған барлық төлем мерзімсіз сақталады», - дейді CTS компаниясы. Атап өтсек, Transcard, Kaspi.kz, басқа мобильді қосымшалар немесе QIWI, Касса24 төлем терминалдары арқылы қашықтан толықтырылған төлемді 15 күн ішінде «жандандыру» қажет.