Жасотандықтар «Жас ғалымдар үйін» салуды ұсынып отыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жасотандықтар «Жас ғалымдар үйін» салуды ұсынып отыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115539018350152.webp)
Бұл туралы «Jas Otan» ЖҚ «Жастар-Отанға!» 2025 жылға дейінгі бағдарламасын талқылауға арналған бейне конференцияда белгілі болды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Жасотандықтардың бағдарламасы бұл жолы өміріміздің басым бағыттарын қамтитын азаматтық ұстаным, білім беру, жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұлғалық даму секілді 5 басым бағытқа негізделді. Кездесу барысында «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Елнұр Бейсенбаев белгілі бір өңірдің, ауданның немесе ауылдың қандай да бір мәселелерін шешу үшін нақты, тетікті жол карталары әзірленетінін атап өтті. «Біз алғаш рет өз алдымызға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін нақты шаралар кешені мен белгіленген индикаторлары бар 216 өңірлік жол картасын дайындаймыз. Әр жол картасы сол ауданды, қаланы қамтитын болады, ал жергілікті жастар индикаторлардың орындалу барысын өздері бақылай алады. Осындай жол картасының нақты тармақтарының бірі жастар арасындағы жұмыссыздықты 3,7%-ға дейін төмендету», - дейді Елнұр Бейсенбаев. Онлайн отырыста белгілі PR оқытушы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз хатшысы Ақерке Берлібай жастарды мемлекеттік қызметке тарту идеясын ұсынды. «Мемлекеттік қызметкерлерді, мемлекетке, қоғамға қызмет ететін адамдарды тәрбиелеу және дамыту өте маңызды. Біз өмір бойы қоғамдық қызметкер бола алмаймыз, еріктілер де дәл солай. Сондықтан мемлекеттік басқару жүйесінің қызмет призмасын жаңарту арқылы біз жастарды осы қызметке шақыра аламыз», - деп атап өтті PR оқытушы. Отырыс барысында жастарға арналған бір ғана «Дарын» сыйлығы аздық ететіні айрықша аталып өтті. «Менің ойымша, «Дарын» сыйлығы жас қазақстандықтардың еңбегін бағалау үшін жеткіліксіз, сондықтан жас қазақстандықтарды «Жас ғалым», «Жас талант», «Жас жазушы» сияқты сыйлықтарды тағайындау арқылы ынталандыруды ұсынамын», - деді тарихшы, археолог, PhD докторы, Ұлттық музей директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Айбар Қасеналин. Сондай-ақ, Айбардың пікірінше, ғылыммен айналысатын жастардың қажеттіліктерін ескере отырып, жас ғалымдар үйін салу қажет. Көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Анна Алябьева жастар арасында спорт, СӨС дамыту оларға жағдай жасау, әрі осал топтағы адамдарға спортпен шұғылдануға көмектесу керектігін атап өтті. «Барлық аудандарда, мектептер мен оқу орындарында арнайы спорт алаңдарын жабдықтау маңызды. Сонымен қатар, фитнес клуб, залдармен бірге әлеуметтік осал отбасыларға жеңілдіктер жасауды ұсынамын. Өйткені, олар басқа өмір салтын көріп, болашақ өмірін жақсартуға тырысады», - деп өз ойын түсіндірді. Айта кетейік, «Жастар-Отанға!» 2025 жылға дейінгі бағдарламасы, «Jas Otan» жастар қанатының V съезінде қабылданады. Қазіргі уақытта бағдарлама жобасы еліміздің барлық өңірінде талқыланып жатыр.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)