Асхат Аймағамбетов: Мұғалімдерді артық жүктеме мен қағазбастылықтан арылту біздің назарымызда

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Асхат Аймағамбетов: Мұғалімдерді артық жүктеме мен қағазбастылықтан арылту біздің назарымызда
ашық дереккөз

Педагог мәртебесі туралы Заңды қабылдауға 5,3 трлн теңге бөлінген. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Мемлекет басшысы директорларды тағайындау, мұғалімдердің мәртебесін арттыру жөнінде де тапсырма берген болатын. Осы ретте Педагог мәртебесі туралы Заң қабылдадық. Ол заңға 5,3 триллион теңге қаржы бөлінді. Өздеріңіз білетіндей, биылғы қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артты. Бұл туралы тәуелсіз сарапшылар да үнемі айтады. Мұғалімдерді өздерінің жұмысынан тыс шаруаларға жұмасамау, оларды қағазбастылықтан арылту керектігі жөніндегі мәселелер біздің назарымызда», – деді министр. Оның айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес, ғылым саласына бөлінетін қаржы екі есеге артқан. Сонымен қатар министр ғылым саласын дамыту тек қаржыны молайтуға байланысты емес, сол қаржыны дұрыс игеруде екенін атап өтті.