«Бақытты отбасы» бағдарламасымен банкке жолдама алуға өтінім карантин аяқталғаннан кейін қабылданады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Бақытты отбасы» бағдарламасымен банкке жолдама алуға өтінім карантин аяқталғаннан кейін қабылданады
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ карантин аяқталғаннан кейін ғана азаматтарды қабылдауды бастайды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша банкке жолдама алуға өтінішті карантин режимі аяқталғаннан кейін Zhilfond.kz сайты арқылы жіберуге болады. Өтінімдерді қабылдаудың нақты мерзімдері қосымша хабарланады. «Карантин режимін алғаннан кейін бір апта ішінде банкке жолдама алуға өтініштер қабылданады. Сосын барлық түскен өтініштер өңделіп, содан кейін ғана электрондық поштаға жолдама алуға өтініштерге жауаптар жіберілетін болады», делінген хабарламада.