Қазақстандық спортшылар «Nur Otan» праймеризіне белсене қатысуда
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстандық спортшылар «Nur Otan» праймеризіне белсене қатысуда](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211554357412161.webp)
Қазақстандық спортшылар «Nur Otan» праймеризіне белсене қатысуда, деп хабарлайды Елорда Инфо партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елімізде өтіп жатқан праймеризге спортшылар да қызығушылық танытты. Партиялық іріктеуге қатысуға ниет білдіргендердің арасында шығыс жекпе-жегі бойынша білікті жаттықтырушы Азиз Анетов пен оның тәрбиеленушісі Махсуда Жаппарова бар. Жаттықтырушы мен оның шәкірті «Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық филиалына тіркелу үшін құжаттарын тапсырды. Азиз Анетов праймериз жаңа есімдерді, өз елін жан-тәнімен сүйетін азаматтарды анықтауға мүмкіндік беретініне сенімді. Оның тәрбиеленушісі Махсуда Жаппарованы тек Мақтаарал ауданының ғана емес, бүкіл елдің мақтанышы деп айтуға болады. Ол аралас жекпе-жектен халықаралық және республикалық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы. Ел намысын қорғап, бірнеше ММА жекпе-жектеріне қатысқан. Бүгінде ол Мақтаарал ауданының Атакент ауылында жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Тек рингте ғана емес, саяси аренада да күш сынауға бел буған спортшылар маңызды мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуға ниетті. Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, паралимпиадашы-жүзуші Владимир Эрман ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қалалық ортаны бейімдеу мәселелерін көтереді. Бұрын ол қалалық мәслихаттың депутаты болған. Енді одан әрі облыстық мәслихатқа немесе Мәжіліске өтуге үмітті. «Бізде ерекше жандар үшін инфрақұрылым жеткіліксіз дамыған. Бұл көлік пен әлеуметтік нысандарға да қатысты. Олардың кез-келген ғимаратқа кедергісіз кіруін барынша дамыту қажет. Паралимпиадалық қозғалысты дамытатын боламын. Бізде мықты паралимпиадашылар бар және оларға тиісті спорттық инфрақұрылым қажет», – деді Владимир Эрман.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)