Астанада Б.Момышұлы даңғылы жартылай жабылады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Астанада Б.Момышұлы даңғылы жартылай жабылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120678329363385.webp)
Қала тұрғындары өз бағдарларын алдын ала жоспарлауы тиіс, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 11-22 мамыр аралығында Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейінгі аумақта жауын-шашын кәрізінің магистарлдық коллекторы құрылысының жүргізілуіне байланысты Б.Момышұлы даңғылы бойындағы көлік қозғалысы А.Тоқпанов көшесінің қиылысына дейін жабық болады. Жабық аумақты айналып өту бойынша көлік қозғалысы уақытша сызбаға сәйкес ұйымдастырылады. «Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жолдағы көлік кептелісін болдырмау үшін жүргізушілерден өз бағдарларын алдын ала жоспарлауын сұрайды. Жөндеу жүргізіп жатқан аумақтардағы қозғалыс кезінде жол белгілерін негізге алып, бекітілген уақытша сызба бойынша жүріп, мұқият болуларын сұраймыз», - дейді полицейлер. Айта кетейік, аталған аумақта жүру жылдамдығы сағатына 40 шақырымға дейін шектеледі.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)