Алексей Цой вакцина салдырады ма – министрліктің ресми өкілінің жауабы
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алексей Цой вакцина салдырады ма – министрліктің ресми өкілінің жауабы](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115566041071073.webp)
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов онлайн брифингте «министр өзіне вакцина салдырады ма, егер салдырса оған бұл қызметі ақылы ма, әлде тегін көрсетіле ме?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазіргі уақытта вакцинаның қашан болатыны белгісіз. Егер вакцина халықаралық тіркеуден өтіп, елімізде қолданыла бастаған кезде Алексей Владимирович те екпені салдыратын болады. Әрине, ол денсаулық сақтау жүйесінің қызметкері болғандықтан, вакцинация қызметі оған тегін көрсетілетін болады. Жалпы, еліміз бойынша жоғары тәуекелмен бетпе-бет келетін 2 мыңнан аса медицина маманына вакцинация тегін жүргізіледі», – деді ол. Оның айтуынша, екпе 65 жастан асқан егде адамдар мен созылмалы ауруы бар азаматтарға, яғни жүрек қан тамыры мен қант диабеті бар науқастарға салынбайды. Сонымен қатар ол министрдің және денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің отбасы мүшелері вакцинаны өз қаржыларына қабылдайтынын атап өтті.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)