Қазақстан COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаны қай елден сатып алады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстан COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаны қай елден сатып алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115566433945315.webp)
Қазақстан қай елден COVID-19 қарсы вакцина сатып алуы мүмкін. Онлайн брифингте журналистер тарапынан қойылған сауалға Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «COVID-19 вакцинасын сатып алу туралы нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Қай ел екені, мейлі Ресей, Қытай немесе АҚШ болсын, маңызды емес», - деді Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен онлайн-брифинг барысында. Ол әр түрлі елдерде вакцинаның дамуы қандай кезеңде екенін түсіндіріп өтті. "Осы вакциналарды әзірлеумен айналысатын ең озық елдердің зертханалары бүгінде үшінші сатыда, яғни клиникалық сынақ кезеңінде болғандықтан, төртінші кезеңді өткізу керек. Осыдан кейін ғана барлық халықаралық сертификаттардан өткеннен кейін кез-келген елде бұл вакцина жаппай өндірілетін болады», - деп атап өтті спикер. «Қазақстан басқа елдер арасында алғашқылардың бірі болып вакцина сатып алу үшін меморандумдар немесе келісімдер жасауға тырысады», - деп түйіндеді Б.Қожахметов.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)