Елордада тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушылардың онлайн оқуына 34,5 мың компьютер алынды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушылардың онлайн оқуына 34,5 мың компьютер алынды
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан мектеп оқушыларына қашықтықтан оқыту үшін 34,5 мың компьютер сатып алынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Тамыз конференциясының отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо. Тұрмысы төмен отбасыдан шыққан оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету үшін 6 млрд теңге бөлінді. Елордалық аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушыларды қашықтан оқыту кезінде компьютерлермен және роутерлермен қамтамасыз ету үшін 6 млрд теңге бөлінді. Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық балаларын қамтуға мүмкіндік береді. Яғни, қамтылуы 34,5 мың балаға дейін жетеді. «Елордалық барлық білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы қашықтан басталады. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-4 сынып оқушылары үшін «кезекші сыныптардың» жұмыс істеуін жоспарлап отырмыз. Бұл ретте барлық санитарлық шаралар қатаң сақталады. Педагогтердің 30%-ға жуығы штаттық режимде, оның ішінде кезекші топтарда сабақ беру үшін жұмысқа шығады», - дейді қала әкімі. Алтай Көлгінов өз сөзінде «Мектепке жол» акциясымен қамтылған оқушылар саны, сондай-ақ балабақшалардағы кезекші топтар мәселесі қарастырылып отырғанын мәлім етті. «Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды қыркүйекте  компьютерлермен және роутерлермен қамтамасыз етеміз. Осы мақсатта 6 млрд теңге бөлінеді. Бұдан басқа, бірқатар әлеуметтік шаралар қолға алынды. Атап айтсақ, жалпыға міндетті оқу қоры шеңберінде әрбір оқушыға мектеп құралдарын сатып алуға 40 мың теңгеден бөлеміз, 7 мың бала «Мектепке жол» акциясымен қамтылады және т. б. Сондай-ақ, балабақшалардағы «кезекші топтардың» жұмысын жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.