Нұр-Сұлтанда ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту нысандары артады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту нысандары артады
ашық дереккөз

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында 12 мектеп салынады, 26 білім беру нысаны жөнделіп, инклюзивті білім беру кабинеттері ашылады. Бұл туралы тамыз айындағы онлайн-кеңесте елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді. «Егер былтыр инклюзивті біліммен қамту 80% болса, биыл біз бұл көрсеткішті 100% деңгейге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Тұңғыш Президент - Елбасы Қорының бастамасымен екі жаңа мектептің негізінде 1 қыркүйекке дейін 30 орындық 2 инклюзивті қолдау бөлмелері ашылады. Шілдеден Асыл Мирас кабинеті жұмыс істей бастады, онда халықаралық сертификатқа ие және заманауи әдістемелерді меңгерген мамандар жұмыс істейді. Сондай-ақ, қыркүйек айында зияткерлік қабілеті төмен  100 балаға арналған №3 арнайы мектеп ашуды жоспарлап отырмыз, күзде көру қабілеті нашар балаларға арналған балабақша ашамыз», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов. Сондай-ақ жаңа оқу жылында елордалық мектептерде қосымша білім берудің 8 филиалы және тағы 2 қоғамдық орталық ашылады. Сонымен қатар, жаңа нысандардың бірінші қабатында әлеуметтік нысандар ашылуда: балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар, медициналық нысандар және т.б. Жалпы, биыл былтырғыға қарағанда екі есе көп мектеп салынады - бұл 12 мектеп, 2021 жылы да осы мөлшерде салынады. Бұл шаралар жүктемені айтарлықтай азайтады. Сонымен қатар, биыл 26 білім беру нысаны (мектептер, балабақшалар, колледждер) жөнделеді.