Қазақстанда карантиннен кейінгі алғашқы бокс кеші өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстанда карантиннен кейінгі алғашқы бокс кеші өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115566040824324.webp)
MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен карантиннен кейінгі алғашқы бокс кеші өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Кештің басты жекпе-жегінде әуесқой бокстан ұлттық құрама капитаны, әлем чемпионаты мен Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев Иса Ақбербаевпен (20-1, 15 КО) жұдырықтасты. Қоңқабаев кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп отырғанына қарамастан, аса тәжірибелі Ақбербаевты нокаутпен жеңді. Алғашқы ауыр салмақта (90,1 келі) өткен жекпе-жек 8 раундқа есептелген, бірақ екінші ранудта аяқталды. Бүйірден жасалған ауыр соққыдан кейін Иса жекпе-жекті жалғастыра алмады. Айта кетсек, Ақбербаев рингке өткен жылдың 2 қарашасында шыққан болатын. Жерлесіміз Екатеринбургте өткен бокс кешінде ресейлік Евгений Тищенкодан (7-0, 5 КО) жеңіліп қалған. Евгений Тищенко да қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол 2016 жылы Олимпиада ойындарының финалында Василий Левитті даулы жағдайда жеңген еді. Ал кештің негізгі жекпе-жегінде Parimatch букмекерлік кеңсесінің бренд елшісі Виктор Коточигов (11-0, 4 КО) беларусьтік боксшы Андрей Исаевпен (30-17, 9 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек үшінші раундта тоқтатылды. Исаев кездесуді жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Виктор 12 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетті.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)