Жөндеу жұмыстарына байланысты Бигелдинов пен Жұбанов көшелері 25 тамызға дейін жабылады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жөндеу жұмыстарына байланысты Бигелдинов пен Жұбанов көшелері 25 тамызға дейін жабылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211556764298688.webp)
Елорда тұрғындары мен қонақтарына маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 23-25 тамыз аралығында жол-құрылыс жұмыстарына байланысты Нұр-Сұлтанда бірқатар көшелер жабылады. Орташа жөндеу аясында Бигелдинов көшесінде Сарыарқа даңғылынан Жеңіс даңғылына дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, 25 тамызға дейін көлік қозғалысын толығымен жабу жоспарланған. Сондай-ақ Жұбанов көшесінде Абай даңғылынан көшенің соңына дейін жол құрылысы жүргізілуде. Дәл осы мерзім ішінде қозғалыс толығымен жабылады. «Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлау керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)