Волонтерлер еліміздің бес қаласында 5 мыңнан астам масканы тегін таратты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Волонтерлер еліміздің бес қаласында 5 мыңнан астам масканы тегін таратты
ашық дереккөз

SK Volunteer Волонтерлер лигасының белсенділері 5 мыңнан астам көп қолданылатын қорғаныс маскаларын Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындарына таратты. Бұл туралы Елорда Инфо Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.   Адамдарды дүкендерден шыққан сәтте және көшеде қарсы алып және гигиена ережелерін еске түсіріп маскаларды таратты. Маскалар негізінен көшеде қорғансыз жүрген зейнеткерлер мен балаларға берілді. «Бұл біздің бастамамыз. Бірінші кезекте, біз азаматтарымызға алдын алу шараларын, жеке қауіпсіздікті және маска режимін сақтау қажеттігін еске салғымыз келді. Бірнеше рет қолдануға болатын сапалы және көп реттік маскаларды таңдадық», – деді Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының HR-маманы Айгүл Смаилова. Естеріңізге сала кетейік, SK Volunteer Волонтерлер лигасы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бей-жай қарамайтын қызметкерлері мен ел азаматтарын біріктіреді. Қор тобындағы волонтерлік төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: Qamqor көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық жасауды, Umit – қоғамдық волонтерлікті, Asylmura – Қазақстан тарихын сақтауға жәрдемдесуді, Taza Kazakhstan – табиғатты сақтауға үлес қосуды көздейді.