Сары нөмірмен жүрген армениялық көліктерді Қазақстандағы тіркеуден қалай шығаруға болады
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Қазақстанда тіркелген армениялық көліктерді тіркеуден шығару қалай іске асырылатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Егер азамат Армениядан әкелген көлігін Қазақстандағы тіркеуден шығарғысы келсе, сол уақытқа дейінгі салығын төлеп, қазақстандық нөмірі мен техпаспортын тапсыруы қажет. Тиісінше арнайы ХҚО-да сақтауда тұрған армениялық нөмірі мен техпаспортын ала алады», - деді комитет төрағасының орынбасары. Сөзін жалғай отырып, армениялық көліктерді Қазақстанда тіркеу де, тіркеуден шығару да оңай екенін айрықша атап өтті. «Тіркеген көлігін азамат техникалық қараудан өткізуге және сақтандыру полюсін өзге қазақстандық көліктер секілді алуға қауқарлы», - деді ол.