Нұрділдә Ораз шетелдік көлік иелеріне сары нөмірді берудің себебін түсіндірді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұрділдә Ораз шетелдік көлік иелеріне сары нөмірді берудің себебін түсіндірді
ашық дереккөз

ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз онлайн брифингте «қазақстандықтарға сары нөмірлерді беру заңсыз емес пе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Сары нөмірлерді беру көліктің қай елден әкелінгеніне байланысты емес. Мұнда көліктің құқықтық статусына мән беріледі. Мәселен, Армениядан әкелінген көліктердің барлығы Қазақстан азаматтарының атына тіркелген. Олардың бәрі – Армения елінде тұрақты тіркеуде тұрған көліктер. Ал олардың Қазақстандағы қозғалысын бақылап отыру үшін сары нөмір беріледі. Мұның Конституциялық немесе басқа да заңнамаларға кері әсері жоқ», – деді ол.