Алып-сатарларды таба алмай, көлігіне сары нөмір ала алмай жүргендер не істеуі керек – министрлік жауабы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алып-сатарларды таба алмай, көлігіне сары нөмір ала алмай жүргендер не істеуі керек – министрлік жауабы
ашық дереккөз

Армениядан көлік әкелетін алып-сатарларды таба алмай, сары нөмір ала алмай жүрген азаматтар не істеуі керек? Бұл сұраққа ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз онлайн брифингте жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Кез келген көлік – адамның мүлкі. Яғни қай мемлекеттің болмасын, өзінің заңнамасы бар. Ал заңнамаға сәйкес, жеке мүлікті қорғау нормалары бар. Егер азаматтар сенімхатпен болмаса басқа да бір жолмен көлікті берген болса, біз тіркеу кезінде міндетті түрде сол көліктің қожайынын іздейміз. Себебі ол көліктің иесі бар. Сондықтан да бұл жерде көлік иелерімен сөйлесіп, оны көндіруге тырысу керек. Егер бұл жағдай шешілмей жатса, заңнамаға сүйеніп, көлік иесін сотқа беруге болады. Яғни олар азаматтық құқық негізінде сотқа жүгіне алады. Осылайша, олар өздеріне көлікті алаяқтықпен сатты деген себеппен мәселелерін шешуге мүмкіндік бар», – деді ол.