А.Көлгінов: Биыл қолжетімді баспана аясында 8 мыңға жуық пәтер салынады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
А.Көлгінов: Биыл қолжетімді баспана аясында 8 мыңға жуық пәтер салынады
ашық дереккөз

Биыл елордада қолжетімді баспана бойынша 8 мыңға жуық пәтер салынады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Биыл қолжетімді баспана аясында 8 мыңға жуық пәтер саламыз. Бүгін Р.Қошқарбаев даңғылы мен Айнакөл (№23-17) және Р.Қошқарбаев пен А 104 қиылысында орналасқан бірқатар әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылыс барысымен таныстым», - деп жазды А.Көлгінов. Әлеуметтік пәтерлердің жалпы ауданы – 500 мың шаршы метр. «Пәтерлер кезекте тұрған аз қамтылған азаматтар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына есептелген. Апатты және ескі үйлердің тұрғындарын көшіру бойынша жұмыстарды жалғастырамыз», – дейді елорда әкімі. [caption id="attachment_12861" align="alignnone" width="978"] Фото авторы: Александр Куприенко/Elorda Aqparat[/caption]