Бүгін елімізде мектеп оқушылары үшін бірыңғай сынып сағаты өтеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бүгін елімізде мектеп оқушылары үшін бірыңғай сынып сағаты өтеді
ашық дереккөз

21 тамызда еліміздің барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап. Жаңа 2020-2021 оқу жылында карантиндік шаралар жағдайында білім алушыларды оқыту форматтарымен таныстыру мақсатында 21 тамызда «Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?» тақырыбында еліміздің барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді. Сынып сағаты қашықтан өтеді, ал өткізу уақытын мектеп әкімшілігі бекітеді. Қалауы бойынша ата-аналар балаларымен бірге қатыса алады. Сынып сағаты барысында сынып жетекшісі келесі сұрақтарды түсіндіреді: 1. Карантиндік шаралар кезіндегі оқыту форматтары; 2. Қашықтан білім алу барысында пайдаланылатын интернет-платформаның мүмкіндіктерімен танысу; 3. Мен және менің денсаулығым (гигиена негіздері, физикалық белсенділік); 4. Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі; 5. Интернетте жұмыс істеу ережелері, ақпараттық қауіпсіздік.