Жергілікті жерлердегі әкімдер жұмыс стилін өзгертуі керек – «Нұр Отан» партиясының жақтастар лигасы
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жергілікті жерлердегі әкімдер жұмыс стилін өзгертуі керек – «Нұр Отан» партиясының жақтастар лигасы](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115566418417869.webp)
«Нұр Отан» партиясының жақтастар лигасы праймеризді әділ өткізу жөнінде үндеу жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Саясаттанушы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Сайыров ОКҚ-да өткен онлайн брифингте «Нұр Отан» партиясының жақтастар лигасы жариялаған үндеуді оқып берді. «Еліміз жол айырығында тұр. Біз қазір демократияға, әділеттілікке, теңдікке деген сұраныс туындаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Саяси реформалардың, әлеуметтік трансформациялардың қажеттігі – бүгінгі тұрмыстың басты аспектісі. Өйткені елді сақтап, жетістікті арттырудың басқа баламасы жоқ. Сондықтан ең бірінші, жергілікті жерлердегі әкімдер жұмыс стилін өзгертуі керек. Көптеген әкімдер әлі де командалық басқарушылық әдіспен жұмыс істейді және қоғамдық пікірді ескергісі келмейді. Ал бүгінгі күнгі праймериз жастар үшін дамудың терезесі болып саналады. Сондықтан біз әртүрлі деңгейдегі әкімдерді осы праймеризді әділ өтуге үлес қосуға және ешқандай әміршілік әкімшілік жасамауға шақырамыз. Егер қандай да бір қысым жасалған жағдайда «Нұр Отан» партиясының жақтастар лигасы сол әкімді немесе шенеунікті жазалау жөнінде, яғни ең ауыр жаза партия құрамынан шығару жөнінде ұсыныс енгізетін болады», – делінген үндеуде.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)