Праймеризді еліміздің эволюциялық тұрғыда дамуының алғышарты деуге болады – Сайыров

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Праймеризді еліміздің эволюциялық тұрғыда дамуының алғышарты деуге болады – Сайыров
ашық дереккөз

Саясаттанушы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Сайыров онлайн брифингте праймериздің әділ өтуі керектігін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазіргі уақытта дүниежүзінде әртүрлі әлеуметтік-экономикалық процесстер жүріп жатыр. Мемлекет институтының өзі трансформацияға ұшырап жатыр. Осындай процесстер Қазақстанға да келіп жетті. Қазақстан халқының демократия, плюрализмге деген сұранысы артып келеді. Сондықтан «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырып отырған праймеризді еліміздің эволюциялық тұрғыда дамуының алғышарты деуге болады. Сол себепті де праймериздің әділ, таза, транспорентті түрде өтуі өте маңызды. Өйткені Қазақстанда да бүгінгі таңда әлем елдеріндегідей билікке, саяси партияларға деген сенімсіздік бар. Осы сенімді қалыптастыру үшін праймеризмді әділ өткізу керек. Сонымен қатар мұнда жастарды көбірек тарту қажет. Себебі еліміздің дамуының, алда жасалатын реформалардың негізгі драйвері – жастар», – деді саясаттанушы.