Студенттер eGov.kz порталы арқылы оқуды ауыстыра немесе қалпына келтіре алады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Студенттер eGov.kz порталы арқылы оқуды ауыстыра немесе қалпына келтіре алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211556395442110.webp)
«Электрондық үкімет» порталы арқылы колледждер, арнаулы орта оқу орындар және кәсіптік оқыту орталықтарының студенттері өзін-өзі ауыстыру және қалпына келтіруге электрондық өтініш бере алады. Бұл туралы Елорда Инфо «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. EGov.kz порталының «Білім беру» бөліміне онлайн түрде өтініш беру үшін «Білім беру ұйымының түрі бойынша студенттерді ауыстыру және қалпына келтіру» қызметін таңдау керек. Қызметке тапсырыс беру кезінде барлық қажетті жолдарды толтыру қажет. Порталда қажетті құжат көрсетілмеген жағдайда, «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйеде болмауына байланысты пайдаланушы өз бетінше мәліметті қоса алады. Егер студент шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылса, оған төмендегі сканерленген көшірмелерін қоса беру қажет: - игерілген білім беру бағдарламалары туралы құжат; - алдыңғы білім деңгейінің аяқталғанын растайтын құжат; - оқуға түсу емтихандарының нәтижелері. Қаржылық қиындықтарға байланысты қалпына келтіру кезінде пайдаланушыға оқу үшін төлем туралы түбіртектің сканерленген көшірмесі қоса берілуі керек. Сұрау салу сәтті өңделгеннен кейін пайдаланушының жеке кабинетіне ауыстыру немесе қалпына келтіру туралы хабарлама немесе құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)