«Нұр-Сұлтан – Петропавл» автожолында күн батареясымен қуаттанатын жол катафоттары сынақтан өткізілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Нұр-Сұлтан – Петропавл» автожолында күн батареясымен қуаттанатын жол катафоттары сынақтан өткізілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211555706149012.webp)
Жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін көтеру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында ««QazAvtoJol» ҰК» АҚ «IMRAN COMAPNY» компаниясымен бірлесіп күн батареясымен қуаттанатын автономды жол катафоттарын сынақтан өткізді. Бұл туралы Елорда Инфо ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Тәжірибелік сынақтар өткізілетін жол учаскесі ретінде «Көкшетау қаласы арқылы өтетін 40+100 км Нұр-Сұлтан – Петропавл» А1 ақылы автомобиль жолы таңдалған болатын. Мамандардың атап өтуінше, күн батареясы арқылы қуаттанатын автономды жол катафоттары түнгі уақыттағы және ауа райының қолайсыздығы кезінде жол жағдайын көру мүмкін емес болған жағдайдағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін жоғарылату үшін қолданылады. Олар - жолдағы таңбалардың көшірмесі. Катафоттар жолдардың қауіпті учаскелерінде жүргізушілердің көңілін аулайды. Ал егер көлік басқарушы жолдағы тұтас сызық таңбасын басса, катафоттар белгілі бір дыбыс шығарады. Бұл өз кезегінде көліктердің қарсы қозғалыс жолағына өту ықтималдығын төмендетуге, көліктердің соқтығысуын немесе көліктердің жыраға түсіп кетуін болдырмауға мүмкіндік береді. «IMRAN COMAPNY» компаниясының мәліметтерінше, жол катафоттарын 7 жылға дейін пайдалануға болады. Олар салмағы 30 тоннаға дейінгі жүкті көтеруге есептелген. Осы ретте компания аталмыш өнімге 2 жылдық кепілдік береді.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)