Аз қамтылған отбасылардың балалары көлік карталарымен қаржылай көмек ала алады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Аз қамтылған отбасылардың балалары көлік карталарымен қаржылай көмек ала алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115562718490073.webp)
Нұр-Сұлтан қаласындағы халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын отбасылардың балалары "Transcard" мектеп көлік карталары арқылы қаржылай көмек ала алады, деп хабарлайды Елорда Инфо. «PolyArt Company» ЖШС, "Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы" ММ және "Атамекен" ҚР ҰКП бірге әзірленген "Всеобуч" қорының қаражатын автоматтандырылған үлестіру жобасы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттен тыс қаржылай және өзге көмек көрсетіледі. Бұл "Всеобуч Қамқор" электронды жүйесі арқылы жасалады. Әлуметтік педагогтар бұл жүйеге өз мектептеріндегі әлеуметтік осал топтарына жататын оқушылар туралы ақпарат енгізеді. Әр сауда орны NFC функциясы бар смартфонмен және жоба аясында жасалған қосымшамен қамтамасыз етіледі. Сатушы телефон арқылы: - көлік картасынан қолжетімді ақшаны тексереді; - оқушы таңдап алған тауардан сатып алынған заттардың тізімін жасайды; - көлік картасын телефонға жақындатқан кезде, сатушы тауар сомасын есептеп алады; - шотта қаражат жетіспеген жағдайда сатушы жеңілдік бере алады немесе қолма-қол ақшамен/картамен қосымша төлемді ала алады. Аталған жоба аясында мектеп көлік карталары оқушыларды анықтау құралы ретінде ғана пайдаланылады. Ақшалай қаражат "Всеобуч Қамқор" электронды порталында "Әлеуметтік бірліктер" түрінде аударылады. Мектеп көлік карталарын жасау үшін Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайы бойынша орналасқан "City Transportation Systems" ЖШС Орталық кассасына бару керек. Көмек алу үшін және мектеп көлік картасына "Әлеуметтік бірліктерді" аударуға өтінішті қалдыру үшін оқу орнындағы әлеуметтік педагогке немесе 556-960, 550-179 нөмірлері бойынша хабарласу керек. Сондай-ақ пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін мектеп көлік картасына transcard.kz сайтында онлайн тапсырыс беруге болады.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)