Елордада «Балаларды мектепке дайындайық» акциясы басталды
"Nur Otan" партиясының елордалық филиалы БАӘ-нің ҚР-дағы Елшілігімен және "Жаһандық Әйелдер көшбасшылығы" ҚБ-нің Президенті Ханзада Балтаеваның қатысуымен кезекті бірлескен акция өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Бүгін біз жыл сайынғы "Балаларды мектепке дайындайық" қайырымдылық акциясын бастадық. Барлық қажетті кеңсе жабдықтарымен толтырылған 100-ден астам мектеп портфелі көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына берілді. Акция тамыз айының соңына дейін жалғасады. Бұл біздің елшілікпен алғашқы бірлескен акциямыз емес. Біз жүз отбасыға көмір тасымалдадық, көпбалалы және аз қамтылған балалар үшін сүндет рәсімін өткіздік, БЦП бар балаларға арналған арбалар, қыздарға арналған киім мен аяқ киім және т.б. ұсындық", - деді "Nur Otan" партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов.