Футболдан ел чемпионаты өткізілетін нысандардың дайындығы тексерілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Футболдан ел чемпионаты өткізілетін нысандардың дайындығы тексерілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115566910423503.webp)
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин мен Қазақстан кәсіби футбол лигасының жетекшісі Олжас Абраев ел чемпионатын өткізуге арналған нысандардың дайындығын тексерді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Тексеру барысында футбол стадиондарының ойындарды қабылдауға дайындығы мен санитария-эпидемиология талаптарына сай келуі қаралды. Сонымен қатар футболшылардың жатын орны, яғни бірнеше қонақүй де тексерістен өтті. Вице-министр тексеру кезінде өзі байқаған бірнеше кемшілікті атап өтіп, ескерту жасады. Нəтижесінде тиісті шаралар қолға алынып, кемшіліктер дер кезінде жойылды. Сонымен қоса Сəкен Мұсайбеков бүгінгі таңда мемлекеттік органдар бекіткен санитария-эпидемиология талаптары қатаң сақталуы керектігін айтты. Алдағы уақытта футболдан Қазақстан чемпионатының барлық ойындары көрерменсіз өтеді. Сондай-ақ əр ойынға қызмет ететін қызметкерлер саны 20-дан аспауы тиіс. Ойындарды өткізу үшін арнайы талаптар хаттамасы жасалған. Аталған хаттамаға сәйкес, футболшылар ойын алдында тұрақты тест тапсырып тұрады. Матч болатын стадиондарда дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Бапкерлер құрамы, алаң жиегіндегі ойыншылар мен клубтағы өзге де мамандар арақашықтықты сақтауы керек. Əр команда тек өзінің жеке автобусын пайдаланады. Ал біріншіліктің барлық ойыны «Қазспорт» телеарнасының эфирінен көрсетіледі.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)