Футболдан Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері қайтыс болды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Футболдан Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері қайтыс болды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115570817467525.webp)
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Разия Нүркенова 53 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Елорда Инфо футбол федерациясына сілтеме жасап. Спорт мамандары мен жанкүйерлердің ортасында Разия Нүркенова еліміздің тәуелсіз тарихындағы Қазақстан құрамасының алғашқы шабуылшысы ретінде кең танымал. Рәзия Төлеуқызы қарағандылық «Олимп» әйелдер футбол клубында спорт мансабын бастап, 1987-1991 жылдардың аралығында ойнады. Жоғары беделі, мінсіз шеберлігі, ақкөңілділігі және сыпайылығының арқасында Рәзия Нүркенова тұрақты түрде команданың капитаны болып сайланып отырған. 1992 жылы Рәзия Нүркенова Ресейдің Самара қаласының ЦСКА ВКС футбол клубынан шақырту алады. 2001 жылға дейін шабуылдаушы жартылай қорғаушы болып ойнады. Разия Төлеуқызы Қазақ КСР, КСРО, ТМД, Қазақстан және Ресей құрамаларына да шақырылған. Ойнау мансабын аяқталған соң футбол төрешісі, кейін бапкерлік қызметпен айналысты. Футболдан ҚР және РФ спорт шебері; Ресейдің үш дүркін чемпионы (1993, 1994, 1996); Ресей кубогының иегері (1994); Достастық кубогының иегері (1996).
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)