Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115571830857475.webp)
Футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасады, деп хабарлайды Елорда Инфо. OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионаты 2020 жылдың 18 тамызынан бастап қайта жалғасады. Мемлекеттік органдардың талабымен ойындардың барлығы арнайы медициналық хаттаманың ережелеріне сәйкес қатаң бақылауда өтеді. Аталған құжат жарыстарды қабылдайтын спорт ғимараттарында санитариялық-эпидемиологиялық режиді қатаң сақтау үшін жүргізілетін жол картасы болмақ. Қазіргі уақытта ойындардың барлығы «Алматы/Талғар» локациясында жанкүйерлерсіз өтеді. Стадиондарда жұмыс істейтін қызметкерлердің саны да шектеулі болмақ. Ел чемпионатына қатысатын әр клуб өзгелермен жақын қарым-қатынас орнатпай, карантин режимінде қонақүйде орналасуға жауапты болмақ. Ойыншылар мен бапкерлер, сонымен қатар, жарысты ұйымдастыруға қатысатын басқа да адамдар коронавирус індетін анықтайтын сынақты үнемі тапсырып отырады. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қадағалайды. OLIMPBET-ФУТБОЛДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ IV ТУР 18.08.2020 «Каспий» (Ақтау) – «Қайрат» (Алматы) 17:00 Төрешілер: Денис Тевяшов (Орал), Денис Лабашов (Атырау), Юрий Тихонюк (Ақтөбе) Резерв төреші: Бағдат Абдоллаев (Қаратау) Инспектор: Сергей Цареградский (Алматы) 18.08.2020 «Жетісу» (Талдықорған) – «Ордабасы» (Шымкент) 19:00 Төрешілер: Артём Кучин (Қарағанды), Серік Жаппасбаев, Ғалымжан Айжігітов (екеуі де - Қызылорда) Резерв төреші: Данияр Сахи (Қызылорда) Инспектор: Нұржан Доскеев (Алматы) 18.08.2020 «Тараз» (Тараз) – «Қызыл-Жар» (Петропавл) 21:00 Төрешілер: Рүстем Омаров, Сергей Васютин, Самат Тергеусізов (барлығы - Алматы) Резерв төреші: Тимур Кумашев (Нұр-Сұлтан) Инспектор: Александр Перемитин (Алматы) 19.08.2020 «Шахтёр» (Қарағанды) – «Қайсар» (Қызылорда) 18:00 Төрешілер: Денис Измайлов (Талдықорған), Евгений Бельский (Тараз), Иван Навроцкий (Нұр-Сұлтан) Резерв төреші: Айдын Рахымбаев (Алматы) Инспектор: Виталий Каган (Алматы) IV турдағы «Тобыл» (Қостанай) – «Астана» (Нұр-Сұлтан) матчы елордалық клубтың УЕФА Чемпиондар лигасына қатысуына байланысты 25.08.2020 ауыстырылған. Ойындардың барлығы, сонымен қатар, 18 тамыздан 19 тамызға қараған түні УЕФА Чемпиондар лигасындағы «Динамо» (Брест, Беларусь) – «Астана» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) матчы «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)