Қазақстанда инвестициялық монеталар айналысқа шықты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда инвестициялық монеталар айналысқа шықты
ашық дереккөз

Қазақстан Ұлттық Банкі 2020 жылғы 17 тамызда 10, 20, 50, 100, 200 және 500 теңге номиналдарындағы алтыннан және 1, 2, 5 және 10 теңге номиналдарындағы күмістен «2020 жылы соғылған «ALTYN BARYS» және «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталарын айналысқа шығарды, деп хабарлайды Елорда Инфо.   «ALTYN BARYS» және «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталарының дизайнында монеталардағы жазулар мемлекеттік тілде өзгертіліп, мүсіндік бейнелер жақсартылды. Инвестициялық монеталар – 999,9 жоғары сынамалы сапасы жоғары алтын және күміс монеталар. Олардың негізгі мақсаты – қаражатты инвестициялау және жинақтау. Инвестициялық монеталардың ерекшеліктері: шектелмеген таралымдар; «proof» технологиясы қолданылмастан дайындалады; монета жасалған металдың құны мен салмағына байланысты кіріс алу;Ұлттық Банк Сату және сатып алу ережелеріне1 сәйкес сатып алу монетадағы металдың салмағы бойынша есептелетіндіктен жағдайына (сызаттар, патина және т.б.) қарамастан кері сатып алуға қабылдайды; қосылған құнына салық салынбайды. Алтын мен күмістен жасалған барлық номиналдардағы инвестициялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құны бойынша төлемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазу үшін және аудару үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. «ALTYN BARYS» және «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталары Қазақстан теңге сарайында дайындалған. Оларды Қазақстан Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарынан, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтындағы Интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады.