Кәсіпкерлердің кредиттік өтемақысы 1 қазанға дейін шегерілді – Жұмағазиев
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Кәсіпкерлердің кредиттік өтемақысы 1 қазанға дейін шегерілді – Жұмағазиев](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115575221018680.webp)
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев онлайн брифингте кәсіпкерлердің кредитінің өтемақысы қазанға дейін шегерілгенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазіргі уақытта рұқсат берілмеген кәсіпкерлік нысандар да бар. Мысалы, тойхана, караоке-бар, түнгі клубтардың жұмысына әлі де шектеу бар. Өйткені әзірге көпшілік адамның жиналуына болмайды. Сондықтан жұмысы тоқтап тұрған кәсіпкерлерге 42 500 теңге төлемақы қарастырылуда. Сонымен қатар кәсіпкерлерді уақытша салықтан босату қарастырылуда. Кредиттік өтемақылары 1 қазанға дейін шегерілді. Жалға беру жағы да реттелетін болады. Айта кету керек, кейбір тойханалар жұмысының жүрмейтінін ескеріп, басқа бағытқа ауысып жатыр. Сондай-ақ кәсіпкерлердің несиелері бойынша қайта қаржыландырудың қарастырылатынын айта кеткен жөн», – деді ол. Оның айтуынша, қазіргі уақытта банкротқа ұшыраудың аз-ақ алдында тұрған кәсіпорындар аз емес.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)