Елордада есірткі тасымалдаумен айналысқан топ мүшелері ұсталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада есірткі тасымалдаумен айналысқан топ мүшелері ұсталды
ашық дереккөз

ІІМ Криминалдық полиция департаментінің және Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрамында Қызылорда облысының үш тұрғыны бар қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы Елорда Инфо Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.   25-35 жас аралығындағы адамдар кірген бұл топ аса ірі мөлшерде есірткі заттарын тасымалдаумен және сатумен айналысқан. Қылмыстық топ есірткі заттарын республиканың оңтүстік өңірлерінен алып келіп, делдалдар арқылы Нұр-Сұлтан қаласында сатқаны анықталды. Осылайша, олар өсімдік тектес есірткі құралдарын өткізу арнасын ұйымдастырған. Ұсталған кезде аталған топтан 4 кг-нан астам есірткі заты тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар «марихуана» болып табылады. Тәркіленген заттардың құны 7 миллион теңгеден асады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігі бойынша (есірткі заттарды және олардың аналогтарын ірі мөлшерде заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды,- деді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев.