Шеткі аймақтар назардан тыс қалмайды – елорда әкімі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Шеткі аймақтар назардан тыс қалмайды – елорда әкімі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115575141515583.webp)
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Astana TV» телеарнасындағы «Elorda Live» бағдарламасына берген сұхбатында шеткі аймақтарда атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазіргі уақытта шеткі аймақтарға көбірек көңіл бөлініп жатыр. Мемлекет басшысы да нақты тапсырма берді. Арнайы шеткі аймақтарды дамыту үшін қаржы бөлінді. Жалпы, 300 мыңдай адам шеткі аймақтарда тұрады. Бұл – елорда тұрғындарының 25 пайызын құрайды. Мысалы, «Үркер» тұрғын алабының тұрғындары жол, жарық, кәріз құдығы, абаттандыру мәселелері бойынша шағымданған болатын. Былтырдан бері онда 2 спорт нысаны салынды. Балаларға, жастарға, ересектерге арналған спорт алаңдары пайда болды. Ретіне қарай, жол, жарық мәселесі де шешіліп жатыр. Әлі де жасауға тиіс жұмыс көп. Мектеп салу керек. Бірақ оның бәрі бір күнде болмайды. Дегенмен жақсы өзгерістер бар. Бұл бір «Үркер» тұрғын алабының жағдайы. Одан басқа «Агрогородок» тұрғын алабын айтатын болсақ, бұл аумақта көбіне байырғы Целиноград қаласының тұрғындары қоныстанған. Олар «Біз астананың қалай жайқалып келе жатқанын алғашқы күннен бері көріп отырмыз. Бірақ бізді де ұмытпаңдар. Бастысы, жарық пен жолды жақсартыңдар» дейді. Осы уақытқа дейін мұнда 17 көшеге асфальт төселді. Бұдан бөлек басқа да қала сыртындағы аудандарда жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы, шеткі аймақтар назардан тыс қалмайды», – деді әкім.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)