Елордалықтарға аулада серуендеуге рұқсат етілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалықтарға аулада серуендеуге рұқсат етілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120768712016774.webp)
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, аулада серуендеуге рұқсат етілді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Мемлекеттік комиссия тұрғындарға аула және балалар алаңдарында серуендеуге рұқсат беру мәселесін талқылады. Нұр-Сұлтан тұрғындарына 27 сәуірден бастап аулаға шығуға рұқсат етілді. Созылмалы ауруы бар және егде адамдар ерекше сақ болуы керек. Оларға аса қажеттілік туындамаған жағдайда далаға шығудан бас тарту ұсынылады, себебі бұл санаттағы азаматтар Covid-19 инфекциясын жұқтыруға аса бейім. Тұрғындар сақтық шараларын қатаң сақтап, қорғаныс құралдарын пайдалануы қажет. Балалар алаңдарында қашықтықтың сақталуы шарт. Қала бойынша күн сайын дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аула аумақтары, алаңдар мен тағы басқасы қамтылды. Дезинфекция жұмыстары күшейтіледі. 27 сәуірден бастап қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, тұрмыстық электр техникасын сататын дүкендер (ауданы 2 мың шаршы метрден астам), банк қызметі мен микроқаржы ұйымдары, сақтандыру қызметі, риэлторлық компаниялар, агенттіктер, жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі консалтингтік қызметтер, тұқым сататын дүкендер, зоомагазиндерге жұмысын қайта бастауға рұқсат етіледі. Инфекцияны жұқтыру қаупі жойылмағандықтан ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, мейрамханалар, саябақтар, адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады. Қоғамдық көлік жұмысы карантин соңына дейін тоқтатылды. Балабақшалар, үйірмелер мен секциялар жұмыс істемейді. Ал жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра береді. Атап өтсек, президент төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзартқан болатын.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)