«Қаланы толық дезинфекцияладық, жұмысты жалғастырамыз» - елорда әкімінің орынбасары

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Қаланы толық дезинфекцияладық, жұмысты жалғастырамыз» - елорда әкімінің орынбасары
ашық дереккөз

Қалада ауқымды дезинфекция жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Дезинфекция жұмыстарына 500-ден астам адам шығады. Қарулы Күштердің биологиялық қорғау бөлімшесінің қызметкерлері мен әскерге шақырылғандар да зарарсыздандыру жұмыстарына қатысады. «Қаланың әр аумағын қамтып жатырмыз. Тәулік бойы жұмыстамыз. Бұл коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Дезинфекцияны жаяу да, арнайы машиналардың көмегімен де өткіземіз. Өрт сөндіру көліктері де көмектесіп жатыр. 2800-ден астам тұрғын үй кешені үшінші рет өңделуде», - деді әкім орынбасары Алтынбек Қайсағалиев. Әлеуметтік нысандар, базарлар, сауда ойын сауық орталықтары, тротуарлар, үй іші аумақтары, кіреберістер және басқа да адам көп жиналатын орындарды дезинфекциялауға ерекше көңіл бөлінеді. Жеке секторда да зарарсыздандыру жұмыстары басталды. Қалада жүріп жатқан абаттандыру жұмыстары - қоршауларды, металл құрылымдарды, жолдарды жуу - дезинфекцияға септігін тигізіп жатыр.