Карантиннен кейін көлік карталарындағы теңгерім жойылып кете ме?
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Карантиннен кейін көлік карталарындағы теңгерім жойылып кете ме?](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212081411253016.webp)
Карантиннен кейін көлік карталарындағы теңгерім жойылып кете ме. Бұл туралы CTS компаниясы facebook желісіндегі ресми парақшасында түсіндірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Егер көлік картасының теңгерімін кассаларда, RTVM-автоматтарда немесе лезде толтыру орындарында толықтырсаңыз, онда төлемді белсендіру қажет емес. Төлем картада мерзімсіз сақталады. Төлемдер қашықтан (Transcard, Kaspi.kz, ЕДБ) немесе басқа төлем терминалдары арқылы (QIWI, Касса24 және т.б.) жасалған жағдайда 15 күн ішінде белсендірілуі тиіс. Төлем белсендірілгеннен кейін картада мерзімсіз сақталады. «Егер өз төлеміңізді картаға аударып үлгермесеңіз, сіз 109 қызметіне немесе бізге жаза аласыз. Біз сіздің картаңызға ақшаны қайта аударамыз. 5 күннің ішінде төлем картаңызға түседі. Кейін 15 күннің ішінде төлемді тағы да белсендіру қажет», делінген хабарламада. Біркүндік және айлық жол жүрулерден басқа, барлық белсендірілген төлемдер мерзімсіз.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)