Елордалық нан өндірушілер «Біз біргеміз!» акциясына қосылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық нан өндірушілер «Біз біргеміз!» акциясына қосылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120819712951610.webp)
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2020/04/c2165561e0d311a109978a7d3ecf9850.jpeg)
Әлеуметтік нан өндірушілер 24/7 режимінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Астаналық әлеуметтік нан өндірушілер де "Біз біргеміз" акциясынан тыс қалмады. Наубайшылар өнім күнделікті уақытында дүкен сөрелеріне түсу үшін тәулік бойы жұмыс істейді. «Жұмысым таңғы бесте басталады. Мен еңбегімнің маңыздылығын өте жақсы түсінемін. Нан таңғы сегізден бастап сөреде болуы керек, өйткені біздің алғашқы сатып алушылар - аталар мен әжелер. Нанның уақытында жетуі үшін барынша жұмыс істеймін. Ата-анам менімен мақтанады, себебі нан – қасиетті өнім», - дейді жүргізуші-экспедитор Әбдукәрім. «Астаналық Нан» ЖШС елордадағы әлеуметтік нанның басты өндірушісі саналады. «Осы қиын-қыстау кезеңде тұтынушылар алдындағы жауапкершілік пен маңыздылықты сезіне отырып, біз халыққа қолжетімді бағамен нан жеткізу үшін үздіксіз жұмыс істейміз. Барлық елорда тұрғынын ауызбірлікке, шыдамдылыққа және ұйымшылдыққа шақырамыз! Біз бірге бұл сынақтарды жеңеміз!» - дейді «Астаналық Нан» ЖШС директоры Әбдрақым Төлендиев. Кәсіпорын тәулігіне 20 тоннадан астам нан шығарады. Бұл ретте әлеуметтік нан бағасы екі жылдан бері 80 теңге деңгейінде сақталып, сауда нүктелеріне жеткізілуде. Көптеген жылдан бері мешіт арқылы мұқтаждарға ай сайын 1 200 бөлке әлеуметтік нан тегін жеткізіледі.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)