Елордада білім беру саласында тағы бір онлайн жоба іске қосылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада білім беру саласында тағы бір онлайн жоба іске қосылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212082361842131.webp)
Қалалық білім басқармасы «Education Club Astana» деп аталатын жаңа жобаны қолға алды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. «Жоба әр жұма сайын сағат 15.00-де Білім басқармасының ресми @bilimastana инстаграм парақшасында тікелей эфирге шығады. «Education Club Astana» жобасының алғашқы қонағы - Назарбаев университетінің түлегі, 100 жаңа есім жобасының 2019 жылғы жеңімпазы, №54 мектеп-лицейінің директоры Сейсенбай Шәкәрім Толыбайұлы», - деп ақпарат таратты білім басқармасы. Алғашқы эфир тақырыбы «Интернетте оқып жүр талай қазақ баласы» деп аталады. Шығарылым барысында қазіргі төтенше жағдай кезіндегі қашықтан оқыту жұмыстарына байланысты сауалдар қойылады. Онлайн-аудитория эфир кезінде өздерін толғандырып жүрген сауалдарды қонаққа жолдай алады.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)