Елордада Заң кеңесшілер палатасы тегін онлайн көмек көрсетеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада Заң кеңесшілер палатасы тегін онлайн көмек көрсетеді
ашық дереккөз

Білікті құқықтанушылар әлеуметтік жәрдемақы алу, азаматтық құқықтар бойынша сауалдарға жауап береді, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің сайтына сілтеме жасап. Карантин кезінде Нұр-Сұлтан қаласының Заң кеңесшілер палатасы заңгерлік әлеуметтік көмек көрсетуді жалғастыруда. Бұдан былай тұрғындар Telegram мессенджерінде көпшілік чат арқылы онлайн-форматта құқықтық кеңес ала алады. «Біздің заңгерлеріміз сұрақтарға жауап береді және барлық сауал иелеріне 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы ресімдеу, карантин кезінде кәсібін жүргізу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ отбасылық, еңбек, салық дауларына қатысты, т.б. өзекті мәселелер бойынша заңнамалық көмек көрсетеді. Барлық қызметтер тегін және тәулік бойы қолжетімді. Аталған қызметті заңгер көмегіне мұқтаж адамдарға хабарландыруға көмек көрсетулеріңізді сұраймыз», – делінген Палата хабарламасында. Нұр-Сұлтан қаласы Заң кеңесшілер Палатасының Telegram-дағы тобы: t.me/astanazanger. Сілтеме-шақыру: t.me/joinchat/CY4ob0oji954rna6SZPAfw. 2018 жылдан бері Нұр-Сұлтан Заң Кеңесшілер Палатасы 2,5 мыңнан астам адамға тегін заңгерлік көмек көрсетті.