Елордада тәулігіне жүз адамды өткізе алатын дезинфекциялық кешендер орнатылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада тәулігіне жүз адамды өткізе алатын дезинфекциялық кешендер орнатылады
ашық дереккөз

[caption id="attachment_8416" align="alignnone" width="1280"] Фото қалалық әкімдіктен алынды[/caption] Нұр-Сұлтан қаласында он дезинфекциялық кешен орнатылатын болады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен №3 көпбейінді балалар ауруханасында қаладағы алғашқы дезинфекциялық кешен пайда болды. Бұдан былай дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жұмысқа кірісерден бұрын осы тоннель арқылы өтетін болады. «Қондырғы бу генераторларының көмегімен жұмыс істейді. Дезинфекциялау құралдары бар бу шығаратын арнайы моторлар бар. Бұл кешен арқылы өту киімнің бар қыртысындағы қауіпті патогендерді жоюға мүмкіндік береді. Қондырғыны медицина қызметкерлері күніне екі рет – жұмысқа шыққанда және ауысым аяқталған соң пайдаланады. Науқастарда осы кешен арқылы өте алады», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры Иран Шаметеков. Жаңа кешен тәулігіне жүз адамды өткізуге қабілетті.