Нұр-Сұлтан қаласында дауылды ескерту жарияланды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтан қаласында дауылды ескерту жарияланды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212278637417241.webp)
"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, 8 сәуірде ауа райы күрт нашарлауы мүмкін: дауылды ескерту жарияланып, желдің екпіні 22 м/с дейін жетеді, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ күтілуде, деп хабарлайды Елорда Инфо. 08 сәуір: көшпелі бұлт шығып, жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 17-22 м / с. Температура күндіз +2+4°С және түнде -2-4°С. Дауылды ескертудің болу ықтималдығы 85-90 %. 9 сәуір: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура күндіз +3+5° және түнде -3-5°С. 10 сәуір: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура күндіз +6+8°С және түнде -1-3°С. Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты мұқият қадағалап отыруға, көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнама тақталарынан, электр желілері және сымдардан алыс жүруге, автокөлікті ескі ғимараттар мен ағаштардың қасына қоймауға кеңес береді.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)