Жанна Пірәлиева ұйым басшыларына үндеу жолдады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жанна Пірәлиева ұйым басшыларына үндеу жолдады
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева онлайн брифингте елордалықтар мен қала қонақтарына және ұйым басшыларына үндеу жолдады, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Құрметті ұйым басшылары! Вирус жұқтырған науқастар санының көбеюіне байланысты мен Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері ретінде қаладағы эпидемиологиялық ахуалды бағалай отырып, алдағы уақытта коронавирустық инфекцияның таралып кетуінің алдын алу үшін карантиндік шектеу шараларын қолға алу туралы шешім қабылдаймын. Сіздердің қоғамдағы жағдайды жақсартуға бейқамдық танытуларыңыздың салдарынан елордада эпидахуалдың тұрақтануына, әдеттегі өмір сүру деңгейіне оралуға мүмкіндік болмай жатыр. Мен тағы да сіздерге бүкіл әлем елдерінде кездесіп отырған осы қиын кезеңнен шығуға атсалыссаңыздар деген өтініш білдіремін. Тұрғындар мен қала қонақтарынан да өздеріңіз бен өзгелердің өмірі үшін көпшілік орындарға бармай, барынша қауіпсіздік шараларын сақтауларын сұраймын. Біздің қойған талаптарымыз – сіздердің қамдарыңыз. Сіздердің талаптарды орындайтындарыңызға деп сенемін. Біз бірге бәрін жеңеміз!» – деді Жанна Пірәлиева.